Қаңтарда кәсіпқой боксшылардан кімдер жұдырықтасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой боксшылардан қаңтар айында кімдердің жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаңтар айында бірнеше қазақстандық боксшы кезекті жекпе-жектерін өткізеді. Олар:

Бақтияр Эюбов (Қазақстан) - Морис Чалмерс (АҚШ), 12 қаңтар.

Бақтияр Эюбов қазірге дейін 13 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның 11-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Қос боксшы АҚШ-та бірінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасады. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған.

Мадияр Жанұзақ (Қазақстан) -  Джон Марк Алеман  (филиппин),   18 қаңтар.

Мадияр Жанұзақ осыған дейін үш кездесу өткізіп барлығында жеңіске жетті. Боксшылар  Санкт-Петербургте жұдырықтасады. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Арман Рысбек (Қазақстан) - Эштон Сайкс (АҚШ), 27 қаңтар.

Отандасымыз 27 қаңтарда АҚШ-та кәсіпқой бокстағы алғашқы айқасына шығады. Жекпе-жек 4 раундқа жоспарланған. Кездесу екінші орта салмақта (76,2 келі - 168 фунт) өтеді.

Соңғы жаңалықтар