Қаңтарда елімізде 800 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтарда 800 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық өңірлерде құрылыс жұмыстары белсенді жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының қарқынды жүруі Түркістан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалады», - деді Әсет Ерғалиев.

Жалпы алғанда, оның дерегіне сәйкес, атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 7 пайызға өсіп отыр.

«Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің өсуі жалғасуда. 2021 жылдың қаңтарында 801 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 9,4 пайызға жоғары», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар