Қаңтар трагедиясы: Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Бас прокуратураны анонимді шағымдарға құлақ асуға шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Бас прокуратураны қаңтар трагедиясына байланысты тергеулер бойынша түскен анонимді шағымдарға құлақ асуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Хабар-24» телеарнасында өткен брифингіде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл елдегі Төтенше жағдай режимі кезінде қамауға алынғандардың құқықтары бұзылғанын растайтын деректер бар екенін айтты.

«Азаматтардың құқығы бұзылғаны туралы 39 өтініш түсті. Оның 20-сы — азаптау мен қатыгездікке қатысты жазбаша түрде түскен өтініштер. Қалғандары негізсіз қамауға алу, әкімшілік жазалау туралы сот шешімдерімен келіспеу, медициналық көмек көрсетпеу, адвокаттарды жібермеу мәселелеріне қатысты», - деді Эльвира Әзімова.

Эльвира Әзімова Атыраудағы резонансты жағдай бойынша пікір білдіре келіп, Бас прокуратураға ұсыныс тастады.

«Айтылған барлық мән-жайларды және азаматтардың қылмыстық қудалаудан қорқатынын ескере отырып, Бас прокуратураға нақты шағымдардың түсуін күтпей, барлық анонимдік түрде келген хабарламаларды, сондай-ақ, әлеуметтік желідегі хабарламаларды тексеруді бастау керек», -деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.


Соңғы жаңалықтар