Қаңтар-тамызда елімізде жарты миллионға жуық жеңіл автомобиль тіркелген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың қаңтар-тамызында елімізде 474 786 жеңіл автомобиль тіркелді. Мұндай деректі Статистика комитеті ұсынды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан Республикасында 474 786 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,1 пайызға кем. Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны - 3 891,8 мың» делінген ведомство ақпаратында.

Сонымен қатар комитет дерегінше, осы жылғы қаңтар-қыркүйекте 7 541 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 10 979 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат жағдайлары 25,4 пайызға кеміді.

«2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 18 млрд теңге сомасында 43 929 сақтандыру төлемін жасады» деп атап өтеді комитеттен.


Соңғы жаңалықтар