Қаңтар‑тамыз айларында еліміздегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 5,5 пайызға кеміді

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ 2009 жылғы қаңтар‑тамыз айларында еліміздегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 5,5 пайызға кеміген.

 Қазақстан Республикасының 2009 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларын шығарған ҚР Статистика агенттігі осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің деректерімәліметтері бойынша, 2009 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағаларда 524,8 млрд. теңгені құрап, 2008 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 5,5 пайызға кеміген. Сонымен бірге,  2009 жылғы қаңтар-маусымда жедел деректер бойынша жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы бағаларда 6446,3 млрд. теңгені құрады. Ал 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің төмендеуі 2,3 пайызға жетті.  ЖІӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖІӨ-нен 39,0 пайызына,  қызмет көрсету - 61,3 пайызына тең болған.  2009 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2599,1 млрд. теңгені құраған. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 5,4 пайызға артық.

Соңғы жаңалықтар