Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

Қаңтар-шілдеде Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 11,3% артты

2019 жылғы 14 тамыз 16:30 75
Бөлісіңіз:
Қаңтар-шілдеде Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 11,3% артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 6 347,9 млрд теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,3% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңдегі инвестициялардың негізгі көздері шаруашылық субъектілерінің меншікті қаражаты болып отыр. Оның көлемі – 5 245,14 млрд теңге. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінде әртүрлі шығындарға бағытталған инвестициялық салымдар 20,3% артқан.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесін қаңтар-мамыр айларында тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу (50,4%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (13,3%), тасымалдау және қоймалау (8,2%) құрады. Ірі кәсіпорындар инвестицияларының көлемі 3 675,5 млрд. теңгені құрады.

Автор: Асхат Ахметбеков

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT