Каңтар: өрт сөндірушілер мегаполисті алапат өрттен құтқарды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасы кезінде қылмыскерлер өрт сөндірушілерге де жойқын шабуыл жасады. Қызметкерлер арнайы техникаларын сақтап қалу үшін соңына дейін күресті. Ойран салушылар оларға өртті сөндіруге кедергі келтіріп, ұрып-соғып, жарақаттауға тырысты. Дегенмен, алматылық өрт сөндірушілер өздерінің қызметтік борышын адал орындап, мегаполистің күлге айналуына жол бермеді.«ҚазАқпарат» ХАА редакциясы «Қаңтар» арнайы айдары аясында осы қиын сәттерді басынан өткерген өрт сөндірушінің оқиғасын баяндамақ.

Видеодан алынған кадр

Алматы қаласының №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушысы Заңғар Базарбек қаңтар оқиғасы кезінде жарақаттанды. Бірақ, ол өзінің өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан жұмысын жалғастырды.

Видеодан алынған кадр

Видеодан алынған кадр

«5 қаңтардан 6 қаңтарға қараған түні №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне «Қонаев, 135 мекенжайында электр қалқаны жанып жатыр деген» жедел ақпарат түседі. Сол кезде бір топ адам жиналып, өрт сөндіру қызметінің автокөлігіне шабуыл жасай бастайды. Олар №5 өрт сөндіру бөлімінің автокөлігін күшпен тартып алып кетеді. Форманы тастап, киімді ауыстыруымызға тура келді. Көшені аралап жүргенде біздің жеке автокөлікке оқ атылды және ол рөлде отырған маған келіп тиді. Сол қолыма әлдене тигені білінді. Басында айнаның сынықтары, ұшқындары деп ойладым. Содан бөлімге келіп, алғашқы көмек көрсетілді», - дейді өрт сөндіруші.

Видеодан алынған кадр

Видеодан алынған кадр



Редакциядан

ҚазАқпарат командасы Алматыда да, Қазақстанның өзге өңірлерінде де Қаңтар қасіреті кезінде қылмыскерлер мен тонаушылардың әрекетін өз көзімен көрген оқырмандарымыз аз емес екеніне сенімді.

Оқырманды өз оқиғалары жайлы әңгімелеп беруге шақырамыз. Бізге мына электронды пошта арқылы хат жазуға болады:

[email protected]

[email protected]

Бізбен әлеуметтік желілер арқылы да байланысуға болады:

Telegram: @qazaqparat_kz, @kazinform_news

Facebook: @KazakparatKZ, @Казинформ

Instagram: @qazaqparat_kz, @kazinform.

Қаңтар қасіреті жайлы айтылмаған оқиға қалмауы керек.


Соңғы жаңалықтар