Қаңтар оқиғасында зардап шеккен кәсіпкерлердің шығыны өтелді
2022 жылғы 7 шілде 15:58

Қаңтар оқиғасында зардап шеккен кәсіпкерлердің шығыны өтелді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне өтемақы төлеу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, барлығы 14,5 млрд теңгеге 1 594 өтінім мақұлданды.

«Шағын және орта бизнес – қала экономикасының негізі. Онда еңбекке қабілетті халықтың 64%-ті жұмыс істейді. Сондықтан, бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. 2022 жылы бюджеттен қосымша 5 млрд теңге бөлініп, 46,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бүгінде 16,5 млрд теңгеге шағын және орта бизнестің 219 жобасы қаржыландырылды», – деді Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингіде.

Нәтижесінде, 1 маусымда жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 19,5%-ке өсті.

Айта кетейік, Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде 1 600-ге жуық бизнес субектісі зардап шекті. Оның 96 пайызы шағын және орта бизнес өкілдеріне тиесілі.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT