Қаңтар оқиғасында ұсталғандарды азаптау бойынша 360 қылмыстық істі қарадық – Олжас Бектенов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қаңтар оқиғасы бойынша азаптауға қатысты 360 қылмыстық істі қараған. Антикор басшысы Олжас Бектенов ведомствоның алқа отырысында осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы алты айдағы жұмысына елімізде болып жатқан оқиғалар әсер еткені бәрімізге мәлім. Тек қаңтар оқиғасы бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан азаптау мен өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша агенттік тергеушілерінің өндірісінде 360 қылмыстық іс болды», - деді ол.

Агенттік төрағасының сөзіне қарағанда, қазір құқық қорғау органдары тарапынан азаптау фактілері бойынша 170 іс тергеуде жатыр.

«Бұл санаттағы істердің саны өткен жылдармен салыстырғанда екі есе артық. Қазіргі таңда 170 іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. 167-сі аяқталды. 23 қылмыстық іс әрі қарай тергеу үшін прокуратураға жолданды»,- деді Олжас Бектенов.


Соңғы жаңалықтар