Қаңтар оқиғасында ұрланған қарудың көп бөлігі табылмай жатыр
2022 жылғы 30 маусым 18:06

Қаңтар оқиғасында ұрланған қарудың көп бөлігі табылмай жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасында ұрланған қарудың көп бөлігі табылмай жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұрланған қарудың ауқымды бөлігі әлі де заңсыз айналымда. Барлығы – 2 113 бірлік. Оның ішінде – азаматтық қарудың 1300 бірлігі мен 813 табельді қару. Ішкі істер органдары елімізде заңдылықты және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда», - деді Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтарға өтемақы төлеуді қамтамасыз ету үшін барлық күш жұмсалып жатыр.

«Адал азаматтарды қаңтар оқиғаларына қатысты кез келген ақпаратты ішкі істер органдарына хабарлауға, ал қаруды тапқан жағдайда оны ерікті түрде тапсыруға тағы да шақырамыз», - деді ол.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT