Валюта бағамдары:
    usd/kzt 465.95 eur/kzt 485.43

    rub/kzt 7.72 cny/kzt 65.28
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: +2+4℃
  Jańalyqtar  >

Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасалады

2022 жылғы 1 қыркүйек, 12:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасалады. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

««Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр. Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының нақтылай түсуінше, рақымшылық тәртіпсіздік ұйымдастыруға қатысқан басты күдіктілерге, сонымен қатар мемлекетке опасызсыздық жасау және билікті күшпен басып алуға айыптыларға жасалмайды.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары