Қаңтар оқиғасына қатысты ұсталғандар көбіне ұрлық фактісімен істі болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 107 күдіктіге қатысты қылмыстық істер айыптау актілерімен аяқталды. Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер органдары тергеушілері тарапынан қаңтар оқиғалары бойынша 107 күдіктіге қатысты (88 қылмыстық іс) қылмыстық істер айыптау актілерімен аяқталды. Бұл істердің де негізгі бөлігін ұрлықтар - 65, қаруды заңсыз сақтау фактілері – 11, оларды ұрлау – 7 және өзге де қылмыстар құрайды», - деді С. Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, сотқа 86 айыпталушы берілді.

«Бүгін елімізде соттар жеке басын және жасаған қылмыс ауырлығын ескере отырып, 52 адамды соттады. Олардың 39-ы бас бостандығын шектеуге, 13-і бас бостандығынан айыруға, ал 2 адамға қатысты тараптар татуласуына байланысты тоқтатылды», - деді С. Әділов.


Соңғы жаңалықтар