Қаңтар оқиғасына қатысқан 27 атыраулықтың ісі сотта қаралып жатыр

Фото:
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасына қатысқан 27 атыраулықтың ісі сотта қаралып жатыр. Күдіктілердің қылмыстық ісін қарау 19 қыркүйекте басталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 19 қыркүйекте басталған басты сот талқылауы жалғасып жатыр.

«Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаңтар оқиғасына байланысты 27 тұлғаға қатысты іс бойынша басты сот талқылауы жалғасып жатыр. Сот талқылауында ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 1,4,8-тармақтары, 380-1-бабының 2-бөлігі, 6-тармағы, 291-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы, 287-бабының 4-бөлігі, 28-бабының 5-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 4,8-тармақтары, 188-бабының 1-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 4-тармағы, 287-бабының 3-бөлігі, 191-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы, 200-бабының 2-бөлігі 1-тармағы, 200-бабының 4-бөлігі, 384-бабының 3-бөлігі, 272-бабының 2,3-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс қаралып жатыр», -деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Қаңтар оқиғасына қатысқан атыраулықтың бірі тергеу изоляторына қамауға алынды.

Судьяның мұндай шешім қабылдауына сотталушының бірі 3 қазанға тағайындалған басты сот отырысына келмегені себеп болған.

Күдікті сот отырысына келмеу себебін хабарламаған.

Ал, 3 қазандағы наркологиялық анықтамаға сәйкес сотталушының мас екені анықталған.

Кейін Атырауда қаңтар оқиғасында ұрланған оқ-дәрілер Жайық жағасынан табылғанын жазған едік.

Оқ-дәрінің өзен жағасына жасырылған орнын тергеу изоляторында отырған күдікті айтқан.

Полиэтилен пакетке дыбыс шығаратын 12 граната, «Fiacah 410 mag» мылтығын оқтауға арналған 6 патрон салынған.

Сондай-ақ, 5,45 мм калибрлі 119 патрон болған.


Соңғы жаңалықтар