Қаңтар оқиғасына қатысқан 27 атыраулықтың ісі сотта әлі қаралып жатыр

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасына қатысқан 27 атыраулықтың ісі сотта әлі қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Қаңтар оқиғасына қатысқан күдіктілер ісіне байланысты сот отырысы жалғасып жатыр. Басты сот талқылауы 19 қыркүйекте басталған.

«Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаңтар оқиғасына байланысты екі іс қаралып жатыр. Оның бірі – 27 адамға қатысты іс. Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 1,4,8-тармақтары, 380-1-бабының 2-бөлігі, 6-тармағы, 291-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы, 287-бабының 4-бөлігі, 28-бабының 5-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 4,8-тармақтары, 188-бабының 1-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 4-тармағы, 287-бабының 3-бөлігі, 191-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы, 200-бабының 2-бөлігі 1-тармағы, 200-бабының 4-бөлігі, 384-бабының 3-бөлігі, 272-бабының 2,3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған», -деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Ал, екінші іс бойынша бір адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігімен, 380-бабының 1-бөлігімен айып тағылған.

Сот отырысында 110 куәгер мен 115 зардап шегушіден жауап алынып жатыр. Олардың басым бөлігі – полицейлер мен әскери қызметкерлер.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Қаңтар оқиғасына қатысқан 27 атыраулықтың ісіне қатысты сот 19 қыркүйекте өтетінін өтетінін жазған болатынбыз.

Кейін күдіктіні бірі тергеу изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ, Атырауда қаңтар оқиғасында ұрланған оқ-дәрілер Жайық жағасынан табылғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар