Қаңтар оқиғасына қатысқан 1 мыңнан астам адамға рақымшылық жасалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін қылмыстық айып тағылған 1071 азамат рақымшылыққа ілікті. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 3 қарашада қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты «Рақымшылық туралы» ҚР Заңы күшіне енді. Қазір 1 071 адамға рақымшылық жасалды. Атап айтқанда, сотқа дейінгі тергеу барысында орташа ауыр қылмыс жасаған 8 күдіктіге қатысты іс тоқтатылды. Сол сияқты сот шешімімен 9 адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, 77 адамның жаза мерзімі қысқартылды. Одан бөлек, 902 сотталушының жазасын өтеу мерзімі азайды. Оның ішінде 827-і есеп беретін пробация, ал 75 қылмыскер жазадан босатылды. Қарашада рақымшылық актісін қолдана отырып, бас бостандығынан айыру орындарынан 60 адам, ал пробациялық бақылаудан 68 адам бостандыққа шықты»,- деді Елдос Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Бас прокуратура өкілі қаңтар оқиғасы кезінде бейбіт тұрғандар мен полицейлерге ұйымдасқан түрде шабуыл жасалғанын мәлімдеген еді.


Соңғы жаңалықтар