Қаңтар оқиғасы: ҰҚК қызметкерлері азаптау ісі бойынша тергеліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасына қатысты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері азаптау ісі бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парламент Мәжілісінде тілшілер қаңтар оқиғасы бойынша азаптау істеріне ҰҚК қызметкерлерінің қатыстылығы жөнінде сұрақ қойды.

Өз кезегінде Асқар Әмірханов ондай қызметкерлер бар екенін, алайда бұған қанша адам қатысты екенін айта алмайтынын жеткізді.

«Олар «Азаптау» бабы бойынша тергеліп жатыр. Істі қарастыру мерзімін тергеу анықтайды. Бұл ретте осы мерзім жарты жылға дейін созылуы мүмкін», - деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Асқар Әмірханов ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты істі тергеу барысы туралы айтты.



Соңғы жаңалықтар