Қаңтар оқиғасы: Павлодар облысында 327 адам әкімшілік қамауға алынды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғалары кезінде Павлодар облысында 1 555 азамат ұсталды. Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.

«Құқық қорғау органдарының кәсіби және жедел іс-шараларының арқасында барлық бейнежазбалар зерделеніп, соған орай ең белсенді заң бұзушылар тұтқынға алынды. Олардың әрқайсысына қатысты Қазақстанның қолданыстағы заңнамасыаясында іс қозғалды. Шектеу іс-шараларына қарамастан бұзушылықтар да орын алды. Атап айтқанда, полиция 1 554 азаматты ұстады», - деп атап өтеді ведомстводан.

Департамент мәліметінше, 870 азамат бейбіт митингілер ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңды бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Оларға қатысты 488-баптың 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 4 шетелдік азаматқа қатысты 488-баптың 8-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылды. Нәтижесінде, 327 адам 15 тәулікке дейін қамауға алынды. Барлық қамауға алынған азамат Павлодар қаласының арнайы мекемелеріне қамалды. 288 тәртіп бұзушының әрқайсысына 30 айлық есептік көрсеткіш, яғни 91 890 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

«685 азамат пен 349 автокөлік коменданттық сағатты бұзғаны үшін ұсталды. Оларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды.

5 қаңтардан бастап Полиция департаментінің 100 пайыз жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше режимінде жұмыс істеуде. Периметр бойынша блокпостар қойылған, облысқа кіру және шығу бағыты шектелген. Блокпостар арқылы 25 046 автокөлік өткізілді. Оның ішінде 44974 адам болды. 372 көліктің және 876 азаматтың кіруіне және шығуына рұқсат берілмеді», - делінген таратылған ақпаратта.

Сонымен қатар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері жалға берілетін 564 пәтердің 527-сін тексерді. Нәтижесінде жалға алушылар мен жылжымайтын мүлік иелері туралы толық ақпарат алынды.


Соңғы жаңалықтар