Қаңтар оқиғасы: Қылмыскерлердің «Көктөбе» телемұнарасына неліктен шабуылдағаны белгілі болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокуратурасы Алматыда болған қаңтар оқиғасы кезінде қылмыскерлердің «Көктөбе» телемұнарасын қандай мақсатпен басып алмақ болғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басп прокуратура таратқан деректерге қарағанда, 2022 жылғы 6 қаңтарда қылмыскерлер «Көктөбе» телемұнарасын телеэфир ұйымдастыру мақсатында басып алмақ болғаны анықталды. Ол үшін бейбіт тұрғындарды бірлесіп қылмыс жасауға көндіре бастаған және қылмыскерлер олардың өміріне қауіп төндірген.

«1992 жылы туған азамат бас тартқан соң қылмыскерлер оған мылтықпен екі рет оқ атқан, нәтижесінде жәбірленуші қолынан және жыныс мүшелері тұсынан жарақат алған. Аталған қылмыстың ұйымдастырушысы ұсталды, ол бұрын сотталған 1983 жылы туған Алматы қаласы маңының тұрғыны болып шықты. Оның қылмысқа қатыстылығы куәгерлердің түсініктемелерімен дәлелденеді. Ол биылғы жылдың 25 қаңтарында соттың санкциясымен қамауға алынды»,-делінген Бас прокуратура таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар