Қаңтар оқиғасы кезінде жалған ақпарат таратқан қостанайлық сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласының №2 сотында қаңтар оқиғасы кезінде әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратты деп айыпталған Диас Нұрмағамбетовтің ісі қаралды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Айыптау нұсқасы бойынша, сотталушы «Протестный Костанай» телеграм арнасында жазбалар жариялаған. Қаңтардағы митингілер кезінде ол полицияның наразылық білдірушілер жағына өтіп жатқаны туралы хабарлама таратқан. Бұл, соттың мәліметінше, қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудырған.

Прокурор «көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде» деген саралау белгісін алып тастады, ол Нұрмағамбетовтің әрекетін ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша түпкілікті саралауды және сотталушыға 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Алайда, Нұрмағамбетов сотта кінәсін мойындамады.

«Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушы Нұрмағамбетовтің жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде соттылығы мен ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескерді. Сот ҚК-нің 44-бабында көзделген жазаның бүкіл мерзіміне пробациялық бақылау белгілей отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны және міндеттерді белгіледі», - деп хабарлады облыстық соттан.

Сондай-ақ, қамауда ұстау уақыты мен үйқамақтағы уақыт жаза мерзіміне кіреді.


Соңғы жаңалықтар