Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарудың үштен бірі ғана табылды - Бас прокуратура

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарудың үштен бірі ғана табылды, қалғаны қылмыскерлердің қолында. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құқық қорғау органдары ғимараттарына шабуылдау нәтижесінде 1 259 табельдік қару ұрланды, оның ішінде автоматтар, тапаншалар мен гранатометтар болды. Атап айтқанда, Алматы облысында полиция департаменті ғимаратынан 53 автомат, 367 тапанша, 1 гранатомет, сондай-ақ 23 мыңнан астам патрон ұрланды. Жамбыл облысында 200 автомат, 148 тапанша, 11 гранатомет, бір пулемет және 40 мыңға жуық патрон қолды болды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Бас прокуратура өкілінің атап өтуінше, Резиденцияда қиратулардан кейін 130 дана қару мен оқ-дәрілердің жетіспеушілігі анықталды. Оның ішінде 80 граната, 17 тапанша, 11 автомат, 21 гранатомет және снайпер мылтығы бар.

«Барлық бұл фактілер бойынша тергеп-тексерулер жүргіліп жатыр. Қару-жарақ қоймалары табылып, оларға қатысы бар адамдар анықталуда. Қазіргі уақытта 481 бірлік қару табылды. Бұл барлық ұрланған қарудың үштен бірі. Қалғаны қылмыскерлердің қолында», - деді Елдос Қилымжанов.


Соңғы жаңалықтар