Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 860 қару тәркіленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 860 қару тәркіленді. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы, Талдықорған және Тараз қалаларындағы жаппай тәртіпсіздіктер барысында қызметтік және азаматтық қару ұрланғаны белгілі. Бұл өз кезегінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына шынайы қауіп төндірді. Осыған орай, Ішкі істер министрлігі ұрланған қаруды табу және тәркілеу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Бүгінгі таңда, қабылданған іс-шаралардың арқасында 860 қару тәркіленді. Оның ішінде 475 табельдік және 379 азаматтық қару бар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында

Мәселен, оның дерегінше, 13-ші шілде күні Тараз қаласында криминалдық полиция және қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бүркемеленген жерге көмілген қойма табылды. Ол жерден бұрын Полиция департаментінен ұрланған Калашников автоматы, екі оқ сауыт және 30-дан астам оқ-дәрі алынды. 19-шы шілдеде осы қалада полиция қызметкерлері гараждар орналасқан жерден бұрын полиция департаментінен ұрланған Макаров тапаншасын татты.

«Ал 14 шілдеде Алматы облысының Іле ауданында полиция және ҰҚК қызметкерлері Байсерке кентінің теміржол өткелі маңындағы жасыры қоймадан 12 калибрлі келте мылтық, бөлшектелген аңшылық мылтық, газ тапаншасы, 3 жарық дыбысты және 2 газ гранаты, сондай-ақ 150-ден астам патрон тауып алды. Алматы шетіндегі таулы жердегі тағы бір жасырын қоймадан 22 жарық-дыбысты, көзден жас ағызатын және газ-түтінді граната, 2 газ тапаншасы, 12 калибрлі аңшылық мылтық, радиостанция және әр түрлі калибрлі 500 патрон табылды», - деді департамент бастығының орынбасары.


Фото: ortcom.kz

Соңғы жаңалықтар