Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 343 млн теңгеден астам соманың мүлкі табылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер органдары қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 343 млн теңгеден астам соманың жеке меншік мүлкін тауып, тәркілеген. Бұл жайында Ішкі істер министрлігі Тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаппай тәртіпсіздіктерден жәбірленуші болып танылған азаматтарға келген шығынды өндіру аясында азаматтар мен бизнес субъектілерінен ұрланған 343 млн теңгеден астам соманың мүлкі табылып, алынды. Оның ішінде 12 автокөлік, 317 тұрмыстық техника, 189 зергерлік бұйым, 386 ұялы телефон, 550-дей әртүрлі киім-кешек, 16 млн теңгеден астам ақшалай қаражат және тағы басқалары бар.

Ішкі істер органдары жаппай тәртіпсіздіктер барысында ұрланған қаруды іздеп тауып тәркілеу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда», - деді министрлік өкілі.

Бас прокуратураның дерегіне сүйенсек, арнайы прокурорлар қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 53 істі қарап жатыр .


Соңғы жаңалықтар