Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 089 қару табылмай жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 089 қару табылмай жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір ұрланған қарудың әлі 2 089 бірлігі анықталмаған. Оның ішінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған 1 282 азаматтық қару, 648 табельдік атыс қаруы, 159 жарақат салатын, газ және сигналды тапанша бар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Мұхтар Қожаевтың атап өтуінше, ұрланған қаруды анықтау бағытында жұмыс жалғасып жатыр.

«Сонымен қатар, мақсатты түрде жүргізілген жедел-алдын алу іс-шараларының нәтижесінде полиция қосымша 1 936 қаруды тәркіледі. Олардың көбісінің тіркеу нөмірлері өшірілген. Сондықтан қазір олардың «қаңтар оқиғасы» кезінде қолдануға қатыстылығы анықталуда», - деді департамент бастығының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар