Қаңтар оқиғасы қарулы қақтығыстар ғана емес – Эльвира Әзімова

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасы қарулы қақтығыстар ғана емес. Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 жылдан астам уақыт бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» атты жаһандық күн тәртібіндегі жаңа бағытқа арналған қарары қабылданды. Қазақстанның атына осы қарарды іске асыру бойынша жеке жоспар қабылдау туралы ұсынымдар баяғыда айтылды. Бірақ бұл бізден алыс мәселе деп қабылдағанымызды түсіну керек. Бұл тек ел аумағында қарулы немесе қарусыз қақтығыстардың болуы немесе болмауы ғана емес, сонымен қатар ықтимал жағдайлардың алдын алу үшін тиісті шаралар қолдану керек деген сөз», - деді Эльвира Әзімова журналистерге берген сұхбатында.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қаңтардағы оқиғалар қарулы қақтығыстар бойынша ғана емес, төтенше жағдайларға байланысты жанжалдар қатері бар екенін көрсеткенін айтады.

«Біз бұл терминді техногендік және табиғи құлдырау жағдайын білдіретін термин ретінде қабылдауға дағдыланғанбыз. Бірақ, шын мәнінде, біз көрген тәртіпсіздіктер қайғылы салдарға әкелді. Біз осы уақытқа дейін әлеуметтік желілерде және БАҚ-та белгілі бір оқиғалардың резонансын көріп, бақылап отырмыз. Әрине, тергеу жалғасуда, бірақ біз қазірдің өзінде қандай шаралар қабылдау керектігі туралы айтуымыз керек», - деді Эльвира Әзімова.


Соңғы жаңалықтар