Қаңтар оқиғасы бойынша терроризм актілеріне қатысты 45 іс қаралып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасы бойынша тергеу органдарының іс жүргізуінде 5 041 қылмыстық іс бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бас прокуратура қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық істердің тергелу барысы туралы хабарлайды. Жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында болған. Әрбір өңірде тергеу топтары тергеу әрекеттерін жүргізіп, олардың аяқталуына қарай қылмыстық істер сотқа жолдануда. Қазіргі кезде тергеу органдарының іс жүргізуінде аталған санатта 5 041 қылмыстық іс бар. Олардың ішінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 49 іс, терроризм актілеріне қатысты – 45», - деді Е. Қилымжанов.

Оның айтуынша, Шымкент қаласының прокуратурасы қиратулар, мүліктерді жою және автокөліктерді өртегені үшін, яғни жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны бойынша 8 күдіктінің ісін сотқа берді.

«Аталған бейнежазбада жаппай тәртіпсіздіктер бейнеленген. Қызылорда облысында осы тектес айыппен 7 адамға қатысты істер кінәні мойындау туралы процестік келісім жасау арқылы сотқа жіберілді. Мұндай істердің сотта қаралу ерекшеліктері жөнінде хабарлап кетсем. Күдікті айыптауға, дәлелдемелерге, келтірілген залалмен дауласпаған кезде және жазаның түрі мен мөлшерімен келіскен жағдайда онымен кінәні мойындау туралы келісім жасалады. Сотта 10 тәуліктен аспайтын мерзімде қаралады және жазаның мөлшері осы баптың санкциясындағы ең жоғары мерзімнің жартысынан аспайды. Бұл рәсім бойынша 3 адамға қатысты үкім қабылданып, олар бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалар тағайындалды», - деді Бас прокуратура өкілі.


Соңғы жаңалықтар