Қаңтар оқиғасы бойынша 377 күдіктінің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ведомствоның қарауында қаңтар оқиғасы бойынша қаралып жатқан істер туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 1090 қылмыстық іс бар. Қазіргі уақытта 165 адам қамауда, олардың барлығы ауырлататын мән-жайлар кезінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады.

Жеке басын ескере отырып, 315 күдікті қамаудан босатылды. Бұл – алғаш рет қылмыс жасағандар және өз кінәсін мойындаған адамдар», - деді Санжар Әділов.

Сондай-ақ ол 377 күдіктіге қатысты қылмыстық істерді тергеу аяқталып, сотқа берілгенін атап өтті.

«Олардың көбі ұрлық жасағандар – 196 адам. Қарудың заңсыз айналымына күдіктілер – 39, тонау, ұрлау және ұсақ ұрлық жасағандар –үшеу», - деді ІІМ өкілі.

Оның айтуына қарағанда, бүгінгі таңда ел соттары 168 адамды соттаған.

«Олардың ішінде 147 адам жасаған ісіне толықтай өкіну және келтірілген залалды қалпына келтіру бойынша қабылданған шараларды ескере отырып, адамгершілікқағидаттарын басшылыққа ала отырып, көпшілігі қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалау шараларына сотталды», - деді ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов

Бас прокуратура дерегі бойынша, қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан.


Соңғы жаңалықтар