Қаңтар оқиғасы белсенді реформалар жүргізу қажеттігін көрсетті- Мәулен Әшімбаев

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қаңтар оқиғасы көптеген бағыт бойынша белсенді реформалар жүргізу қажеттігін көрсетіп берді. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің мерейтойлық отырысында Сенаттың Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын барысында сөз сөйлеген Мәулен Әшімбаев қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстан халқына қолдау танытып, алаңдаушылық білдіргені үшін ТМД елдерінен келген әріптестеріне алғысын жеткізді.
Сонымен қатар, ТМД парламентшілеріне елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды реформалар жөнінде кеңінен айтып берді.

«Қаңтар оқиғасы көптеген бағыт бойынша белсенді реформалар жүргізу қажеттігін көрсетіп берді. Осыған байланысты біздің еліміз әлеуметтік, әділетті және демократиялық мемлекет қалыптастыру мақсатымен Жаңа Қазақстан құруды қолға алды. Осы бағыттағы конституциялық реформалардың негізгі нәтижелерінің бірі ретінде Қазақстанда парламентаризмді одан әрі дамыту және Парламенттің елдің саяси жүйесіндегі рөлін арттыру көзделіп отыр», – деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, Алматыда ТМД Парламентаралық Ассамблеясының мерейтойлық отырысы өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар