Қаңтар оқиғасы: 49 құқық қорғау қызметкерінің біреуіне ғана рақымшылық жасалады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасы кезінде заң бұзған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тек біреуіне рақымшылық жасалады. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, тергеу органдары қаңтар оқиғасы кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 1600-ден астам адамды анықтап, оларды жауапқа тартып отыр. Оның ішінде рақымшылық 1500-ге жуық азаматқа жасалады.

«Осы орайда құқық қорғау органдарының 49 қызметкері жауапкершілікке тартылып отыр. Соның арасында тек біреуіне рақымшылық жасалуы мүмкін. Ол қылмысты жасыру дерегі бойынша тергелді. Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғандар, азаптау жасағандарға рақымшылық жасалмайды», - деді Ә. Шындалиев.

Сондықтан құқық қорғау органдарындағы 49 қызметкердің 48-іне рақымшылық болмайды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Рақымшылық жасау туралы» Заң қабылданды.


Соңғы жаңалықтар