Қаңтар оқиғалары омикрон штамының таралуына ықпал етті ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова «Қаңтар оқиғалары мен омикрон таралымының байланысы бар ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Омикронның таралуы ең алдымен оның өз сипаттамасына байланысты. Яғни, бұған дейін айтқанымыздай, омикрон штамы жылдамырақ таралады, инкубациялық кезеңі 3-4 күнге дейін қысқарды, сондықтан адам симптом байқалғанша екі күн және симптомдар аяқталған соң – тағы екі күн вирус тасымалдаушы болады. Демек, сырқаттанушылықтың артуы штамның өзімен байланысты», - деп жауап берді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге спикер желтоқсандағы мереке күндеріндегі халықтың жиі қозғалысын, ішкі және сыртқы сапарлардың да аурудың тарауының бір факторы болғанын айтты.

«Әрине қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсізідктер де өз ықпалын тигізді. Яғни, омикронның таралуын көпфакторлы деп қарастыруымыз керек. Бір ғана қаңтар оқиғаларымен байланыстыруға болмайды. Мәселен, 16 желтоқсандағы генотипті зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, омикрон штамы сол кезде-ақ ел аумағында болған. Матрица бойынша, Түркістан облысынан басқасы қызыл аймаққа енді. Ал 1 қаңтардан бүгінге дейін ел ішінде 178 мың жұқтыру жағдайы тіркелді. Бұл цифрдың өзі сырқаттанудың қандай жылдамдықпен өсіп жатқанын айғақтайды», - деді А. Есмағамбетова.


Соңғы жаңалықтар