Қаңтар-мамырда бөлшек сауда көлемі 4098,9 млрд теңгені құрады - статистика

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы биылғы қаңтар-мамырда бөлшек сауда нарығында ахуал қандай болғанын мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бөлшек сауда көлемі 2021 жылғы қаңтар-мамырда 4098,9 млрд теңгені құрады немесе 2020 жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 7,5% көп.

2021 жылғы қаңтар-мамырда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (31,6%), Нұр-Сұлтан қаласына (10,6%), Қарағанды (9,4%) және Шығыс Қазақстан (9,2%) облыстарына келеді», - делінген ведомство мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар