Қаңтар-қыркүйекте инфляция 5,6 пайызды құрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 9 айында азық-түлік тауарларының бағасы 4,9, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 6,8, ақылы қызметтер бағасы 5,3 пайызға өсті, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінен.

Ведомство ақпаратына сәйкес жылдың басынан бері (2016 жылғы қыркүйек 2015 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі жармаларға - 32,5, шайға - 25,8, қантқа - 22,4, нанға - 16,1, қайта өңделген және консервіленген көкөністерге  - 13, кондитерлік өнімдерге - 11,9, күнбағыс майына - 11,8, салқындатылған сусындарға - 10,8, макарон өнімдеріне - 10,2, жеміс және көкөніс шырындарына  - 9,3, құс етіне - 8,7, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға  - 8,3, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге - 7,9 пайызға белгіленді. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге - 27,8, жұмыртқаға  - 8, шикі сүтке - 7,9 пайызға тіркелді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге - 14,4, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына - 12,1, жеке қолданатын тауарларға  - 9,3, тұрмыстық аспаптарға  - 9,2, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 8,9, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 8,3, тоқыма бұйымдарына -  7,2, автомобильдерге - 7,1, киім және аяқ киімге - 6,5 пайызды құрады. Дизель отыны 27,3, баллондағы сұйытылған газ  17,5 пайызға қымбаттады.

Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне - 8, білім беру - 6,1, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласында - 5, мейрамханалар мен қонақ үйлер  - 4,8, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары - 2,9 пайызға өсті. Жолаушылардың алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен жол жүру ақысы - 12,5, әуе көлігіне - 11,8, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен  - 8,4 пайызға жоғарылады.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге - 25,2, суық суға - 12,4, қоқыс шығаруға - 11, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 7,4, орталықтан жылытуға - 7,3, электр энергиясына - 6,3, ыстық суға  - 5,1 пайызға өсті.

Соңғы жаңалықтар