Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Қаңтар қасіретіне қатысты ақ пен қараны ажырата білуіміз керек – Қазыбек Майгелдинов

2022 жылғы 25 ақпан 19:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар қасіретіне қатысты ақ пен қараны ажырата білуіміз керек. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сұхбат берген «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Қазыбек Майгелдинов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Меніңше, қазіргі таңда ең бастысы ақ пен қараны ажырата білуіміз керек. Ақ пен қара дегеніміз деген не? Қаралы қаңтар күндеріндегі оқиғаларды қарап отырсақ, әрине бастапқыда бәрі бейбіт шеру болып басталды. Оған ешкім күмән келтірмейді. Бірақ, 10 қаңтарда Алматыдан тараған суреттер, видеолардан көргеніміздей қаншама үйлердің, ғимараттардың, жедел жәрдем көліктерінің өртеніп, астан-кестең болғаны, соңғы мәліметтерге сәйкес 200-ден астам бейбіт азаматтың өлімі нақты қылмыс жасалғанын көрсетеді. Ал қылмыскер кім? Ол жерде ұйымдасқан қылмыстық топтардың, экстремистік топтардың өкілдері болды. Оны да мойындаймыз. Лаңкестер де болды», - деді ол.

Сарапшының атап өтуінше, ең бастысы қылмыскерлер ізін жасырып үлгермеуі, басқа жаққа қашып кетпеуі үшін қақтығыстар орын алған жерде болған куәгерлерді тергеу керек.

«Ең алдымен дәлел керек. Қазіргі уақытта Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі апта сайын брифинг өткізеді. Брифинг өткізудегі мақсат не? Брифинг мақсаты - 5 мың адам ұсталғанын, 4 мыңы кінәсіз екендігі дәлелденген соң жіберілгенін» жеткізу. Бірақ, кінәлілерді анықтау үшін тергеу жұмыстары тереңдей түсуі керек», - деді Қазыбек Майгелдинов.

Осы ретте ол наурыз айында Мемлекет басшысы Жолдауынан не күтетіндігін де атап өтті.

«Президент наурыздың ортасында болатын Жолдауында нақты мынандай топтар, мынадай адамдар деп бет-пердесін ашса, бұл халыққа алғашқы жауап болады. Бірақ, тергеу жұмысында асығуға болмайды. Өйткені, біз әділеттілікті көп іздеп, кінәсі жоқ адамдарға қатысты әділетсіздікке баруымыз мүмкін. Осы мәселеге терең мән беру керек. Президент те айтып жүр. Кез келген адамды кінәламас бұрын алдымен оған тағылған айып толығымен дәлелденуі керек. Толық дәлелденгенде ғана ол қылмыскер болады. Ал оған дейін ол тек айыпталушы», - деді ол.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары