Қаңтар қасіреті: 728 адам тергеу изоляторында отыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғаларына қатысты 728 адам тергеу изоляторында отыр. Бұл туралы ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні тергеу изоляторларында 728 адам қамауда отыр. Олардың барлығы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінді. Тағылған айыпқа баға беру соттың құзырына жатады және ұсынылған дәлелдердің негізінде беріледі. Ол: бейнежазбалар, куәлардың айғақтарымен және басқа материалдар», - деді төраға орынбасары Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, қаңтарда Алматыда және басқа да бірқатар облыс орталықтарында тонаулар орын алды. Ғимараттар мен автокөліктер өртеліп, бейбіт тұрғындарға зорлық-зомбылық, полиция және әскери қызметкерлерге шабуыл жасалды.

«Осы кезеңде елімізде көптеген ғимараттар тоналып, өртелді, жүздеген автокөліктер жойылды. Мемлекеттік және жеке меншікке ірі мөлшерде материалдық залал келтірілді», - деді Мейрам Аюбаев.


Соңғы жаңалықтар