Қаңтар айында қазақстандықтардың 88% МӘМС жүйесімен қамтылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы қаңтарда қазақстандықтардың 88% -ын қамтиды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық кезіндегі негізгі міндеттердің бірі - бұл жүйеге барынша көп адамдарды тарту болды. Соның ішінде екі жыл бұрын Елбасы алға қойған міндет - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар базасын жаңарту. Бүгінгі таңда Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бұл жұмысты аяқтап жатыр. Халықтың 97% мәліметтер базасында жаңартылды. Бұл жұмыс жыл соңына дейін жалғасады», - дейді Елжан Біртанов.
Оның айтуынша, 2020 жылдың қаңтарында нақты 97% тұрғындар арасында сақтандыру болжамы 88%-ды құрайды.
«Біріншіден, бұл көрсеткіштің 54%-ы 15 жеңілдік санатына жататын халық және олар мемлекет тарапынан сақтандырылады. Тағы 29% - бұрын сақтандырылған қызметкерлер, осы жылы олар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, сонымен қатар азаматтардың басқа санаттарына жарна ала бастады. Қалған 12% - 2,2 млн адам тәуелсіз төлеушілер деп аталады», - дейді ол.
Сонымен қатар, министр міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы 2020 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 50 пайызға артып, 1,5 трлн теңгеге жетеді деп мәлімдеді.
- Ақмола облысында карантиндік шектеулер күшейтілді
- Шетелден ұшып келген тағы 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
- Ерлан Қарин QazCovidIn вакцинасын екінші рет салдырады
- Стационарларда коронавируспен 6145 науқас жатыр – министрлік
-
Балалар, коронавирус және дәрі-дәрмек: ӘМСҚ халықты толғандырған сұрақтарға жауап берді
-
Қарағанды облысы Ақтау кентінің ауруханасында цифрлық рентген аппараты пайда болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам