Қаңтар айында Қазақстанда қанша көлік тіркелді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы қаңтар айында елімізде 126,9 мың автокөлік есепке қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Биылғы қаңтарда 126,9 мың автокөлік есепке қойылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,3% көп. Оның ішінде жеңіл автомобильдер – 25,9%, жүк автомобильдері – 39,5%, автобустар саны 2 есеге артты.

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда барлығы 4 518,7 мың көлік тіркелген (2022 жылдың 1 қаңтарында 4 308,6 мың болған еді). Оның ішінде 87,9% – жеңіл автомобильдер, 10% – жүк автомобильдері, 2,1% – автобустар.

2023 жылдың қаңтарында тіркелген көліктер арасында:

- құрастырылғанына 3 жылдан аспаған – 16 562;

- 3-7 жыл аралығындағы – 6 896;

- 7-10 жыл аралығындағы – 15 825;

- 10 жылдан асқан – 77 328.


Соңғы жаңалықтар