Қаңтар айында Қазақстанда 2,1 трлн теңге айналымда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар айында қолма-қол ақша айналымы көлемі өткен айдағы көрсеткіштен 4% қысқарып, 2,17 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің ақпаратына сүйенсек, өткен айда қолма-қол ақшаларды, ликвидті теңге депозиттерін қамтитын М1 ақша агрегаты 14,4% өсіп, яғни 6,412 трлн теңгені құраған. Қолма-қол ақшаларды, ликвидті теңге депозиттерін, ликвидті валюталық депозиттердің барлығын қамтитын М2 индикаторы 9,5% артып, 15,842 трлн теңгеге жетті.

Ақша массасы 2,9% артып, 21,412 трлн теңге болды. Ақша базасы немесе ҚР Ұлттық банкінің ақшалары биыл қаңтар айында 5% көбейіп, 6,983 трлн теңгеге жетті. Қысқаша түсінік бойынша, ақша базасы 7,6%, яғни 6,452 трлн теңгеге дейін артты.

Екінші деңгейлі банктер және басқа да ұйымдардың ҚР Ұлттық банкіндегі депозиттерінің көлемі 11,9%, яғни 4,512 трлн теңгеге дейін көбейді.

Соңғы жаңалықтар