Қаңтар айында баспана бағасы қалай өзгерді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен қаңтар айында үйді сату және жалға алу құны өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғын үй нарығында баға бір ай ішінде (2022 жылғы желтоқсан - 2023 жылғы қаңтар) жаңа үйге – 0,7%, қолданыстағы үйге 0,3% өсті. Жалға беру құны 2,5% қымбаттады.

Қаңтарда баспананың 1 шаршы метрінің орташа бағасы келесідей болды:
- жаңа үй – 481 891тг;
- қолданыстағы үй – 515 019 тг;
- жалға берілетін үй – 4 671 тг

Айта кетейік, бір жылда (2022 жылғы қаңтар – 2023 жылғы қаңтар аралығында) қолданыстағы пәтерді қайта сату бағаcы – 18,7%, жаңа баспананы сату 14% қымбаттады. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу құны34,3% артты.

Өңірлер бойынша бір жылда жаңа пәтерлер келесі қалаларда едәуір қымбаттады: Ақтау – 28,2%, Ақтөбе – 25,4%, Петропавл – 20,9%.

Қолданыстағы пәтерлер ең көп қымбаттаған қалалар: Семей (46,8%), Қызылорда (38,8%), Ақтөбе (37,3%), Ақтау (35,4%), Талдықорған (32,9%), Қостанай (31%).

Баспана арендасы ең көп қымбаттаған қалалар: Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%), Алматы (50,7%).


Соңғы жаңалықтар