Қаңтар-ақпан айларында ІЖӨ өсімі 6,4 пайызды құрады - Статистика агенттігі

None
None
аурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жедел есептеулер бойынша, биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ішкі жалпы өнімнің өсімі 6,4 пайызды құрады.

Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінде өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қысқа мерзімді экономикалық индикатор биылғы жылғы қаңтар-ақпан айларында яғни, 2009 жылғы осы кезеңге қарағанда 107,2 пайызды құрады.

Айта кетейік, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 6 базалық саладан тұрады. Онда ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс секілді негізгі салалар қамтылған. «Осы 6 базалық салаларда өсу қарқыны 7,2 пайызды құрады», деді агенттік төрағасы.

«Біздің жедел есептеулер бойынша, биылғы жылғы қаңтар-ақпан айларында 2009 жылдың осы кезеңіне қарағанда ішкі жалпы өнімнің өсімі 6,4 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар