Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Қант тапшылығы жоқ – Сауда министрлігі

2022 жылғы 31 мамыр 18:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі елдегі қант қоры туралы тілшілерге сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде біздегі қант қоры жеткілікті. Шамамен 67 мың тонна қант бар. Бұл қорлар тұрғындарымыздың қажеттіліктеріне толық жеткілікті. Оған қоса, күнделікті қант жеткізумен айналысып жатырмыз», - деді Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев.

Оның айтуынша, ЕЭК аясында қосымша 100 мың тонна шикі қантқа квота алынған. Бұл көлем үш қант зауытын толығымен қамтамасыз етеді, олар күн сайын халыққа қажетті көлемде қант жеткізбек.

Сонымен бірге, спикер дүкен сөрелерінде қанттың таусылуы туралы ақпаратқа пікір білдірді.

«Кей өңірлерде қант сатып алудағы дүрлікпе туралы видеолар бар. Негізі мұндай дүрлікпе болмауы керек. Қант тұрақты түрде жеткізіліп жатыр. Бәлкім кейбір сауда желілері мен нысандарда жеткізу аздап кешігуі мүмкін, бірақ бұл жүктің жеткізілуіне байланысты. Қант бізге күн сайын вагондармен келеді және кейбір сауда нысандарына кеш түседі. Қазіргі уақытта ірі және орта сауда орындарында қант жеткілікті мөлшерде бар және сатылып жатыр», - деді ол.

Е. Қазанбаев елімізде қант тапшылығы жоқ екенін жеткізді.

«Кейбір сауда желілеріне қант сәл кеш түсіп, белгілі бір аралықта қант болмауы мүмкін. Қант тапшылығы жоқ және ол болмайды да», - деп түсіндірді комитет төрағасы.

Квота шеңберінде алынған қант шикізаты Қазақстанға жеткізіліп жатыр.

«Біздегі қант зауыттары шикі қантты ақ қантқа айналдыру үшін толық қуатта жұмыс істеп жатыр және қант күн сайын өңірлерге, сауда орындарына жеткізіледі. Қант тапшылығы жоқ екенін тағы да қайталап айтқым келеді. Кей сауда нүктесі немесе үй жанындағы дүкен қантты уақтылы алмағаннан аздаған іркілістер болуы мүмкін», - деп нақтылады Ержан Қазанбаев.


Автор:

Айжан Серікжанқызы

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар