Қант базасындағы РФ ҚК бөлімшесі Қырғызстандағы тәртіпті қалпына келтіруге тартылмайды

None
None
АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат - Қант базасындағы ресейлік әскери қызметкерлерді және олардың отбасын қорғауды қамтамасыз ету үшін Қырғызстанда тұрған РФ Қарулы Күштерінің бөлімшесі осы елдегі тәртіпті қалпына келтіру шараларына тартылмайды, деп хабарлады журналистерге РФ ҚК өкілі. Бұл ақпаратты Утро.ру агенттігі таратып отыр.

«Бұл бөлімшенің нақты миссиясы бар және олар басқа тапсырманы орындауға тартылмайтын болады», деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, десантшылар бөлімшесі ағымдағы жылы сәуірдің 8-інде Қырғызстандағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты ресейлік әскери қызметкерлердің отбасыларын және базадағы нысандарды жіті күзету үшін жедел жөнелтілген болатын.

Соңғы жаңалықтар