«Қансонар-2018»: Қазақстандағы ең алғыр қыран анықталды

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында ересек құсбегілер арасындағы ХІІ чемпионат өз мәресіне жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қыран құстардың бағы мен бабы сынға түскен жарысқа еліміздің 10 облысынан 39 бүркітші қатысты. Жартылай финалға 13 бүркітші шығып, финалда төртеуі өзара бақ сынасты.
null

Чемпионаттың ережелеріне сәйкес құсбегілерге бірнеше талаптар қойылды. Алдымен сайысқа қатысушылардың киген киімі, құрал-жабдықтары мен құстарының бабы сыналып, төрешілер тарапынан сәйкес ұпайларын алды.
null

Бүгін қатысушылар қоян, түлкі аулау бойынша сынға түсті. Жарыстың көрігі қоянға құс салғанда қыза түсті. Төрт қыран да бұл сыннан сүрінбей өтті. Осыдан соң төрешілердің шешімімен «қолға шақырудан» қайта сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды.
null null 

Сайыс қорытындысында бүркіт­шілердің үздік төрттігі анық­та­лып, баршасы да қомақты қаржы­лай сыйлықтарға ие болды.
null

Оңтүстік Қазақстаннан келген Нұрғали Алиқұловтың бүркіті бірінші орынға ие болып, 250 мың теңгенің сертификаты берілді.


Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының құсбегісі Нұғым Қайдар екінші орын иегері атанып, 150 мың теңге ожалады. Алматы облысынан Елтай Муфтекеев қола жүлдені қанжығасына байлап, 100 мың теңгені ұтып алды.

null  

Төртінші орынға шығысқазақстандық Тәттімбет Кәпұлы табан тіреді.

Жарыстың соңында сөз алған Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин бүр­кіт­шілер басқосуының елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналғанын атап өтті. Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және «Нұр Отан» партиясының қол­дауы­мен елімізде ұлттық спорт түр­лері кеңінен дамып келе жат­қан­дығын айтты.
null null 

«Шығыстың шырайлы жерінде Үржар ауданында құсбегілердің чемпионаты өте жоғарғы деңгейде өтті. Үржар ауданы басшылығына, демеушілік көрсеткен азаматтарға алғысымыз зор. Қырыққа жуық құсбегі бақ сынасты. Елімізде бүркітшілер саны жыл сайын көбейіп келеді. Бұл дегеніміз елімізде атадан мұра болған құсбегілік өнердің кең қанат жайғанына айқын дәлел», - деді ҚР Спорт және денешынықтыру істері комитетіне қарасты Ұлттық спорт басқармасының саятшылықтан бас жаттықтырушысы Базарбек Күнтуғанұлы.

                                                                                                                                                                  Зухра Нұржанқызы

Соңғы жаңалықтар