+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Қанша мұғалім мен күш құрылымдардың қызметкеріне вакцина салынғаны белгілі болды

2021 жылғы 3 наурыз 18:20
Бөлісіңіз:
Қанша мұғалім мен күш құрылымдардың қызметкеріне вакцина салынғаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова елімізде қанша мұғалім мен күш құрылымдардың қызметкеріне КВИ-ге қарсы вакцина салынғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы егілді – министрлік жауабы Коронавирус: Алматыда вакцинаны қай жерде салдыруға болады Астанадағы «Mega Silk Way» СОСО-да коронавирусқа қарсы вакцинация басталды

Өңірлерге вакцинаның екінші партиясын жеткізу жүріп жатқанына тоқталған ол, жалпы медицина қызметкерлерін вакциналау жалғасып жатқанын айтты.

«Педагогтарды вакциналау да басталды. Бүгін таңертеңгі жағдай бойынша 458 педагогқа екпе жасалды», - деді Айжан Есмағамбетова.

Бұдан бөлек қазіргі кезде ол күш құрылымдарының 275 қызметкеріне вакцина жасалғанын нақтылады.

«Күш құрылымдардың арасында вакцинадан бас тарту оқиғалары тіркелмеді», - деді комитет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, брифинг барысында Қазақстанда салынатын медициналық нысандар туралы айтылды.

5 жылда 487-ден астам жаңа МСАК объектілері салынады және осы 2021 жылы 211 нысанның құрылысы жоспарлануда, оның ішінде 83 медициналық пункт, 70 фельдшерлік-акушерлік пункт, 57 дәрігерлік амбулатория және 1 емхана қамтылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT