+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қанша мектептің бейнебақылау жүйесі ҚР ІІМ бақылауына өтті

2021 жылғы 25 қазан 16:01
Бөлісіңіз:
Қанша мектептің бейнебақылау жүйесі ҚР ІІМ бақылауына өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл соңында дейін еліміз бойынша барлық мектептің бейнебақылау жүйесі ҚР Ішкі істер министрлігінің Жедел басқару орталығына тікелей қадағалауға беріледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да көктайғаққа байланысты 2-ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды Астанада екінші ауысымдағы 0-7 сыныптар мектепке бармайды Көктайғақ: Семейде екінші ауысымдағы 0-9 сыныптар мектепке бармайды

«Балалардың амандығы мен қауіпсіздігі әрқайсымызды алаңдататын мәселе. Ата-аналар балаларын мектепке, балабақшаға немесе колледжге жібергенде олардың қауіпсіздігіне көз жеткізуі керек. Ол үшін тиісті қауіпсіз ортаны құру қажет. Ресейдің Қазан мен Пермьдегі соңғы оқиғаларына бәріміз куәміз. Теріс ниеттілер мектеп пен университетке оп-оңай кіріп, балалар мен мұғалімдерді атып тастағаны, қауіпсіздік мәселесін күшейту керектігін аңғартады. Бүгінде елімізде оқыс оқиғалардың алдын алу үшін, білім беру ошақтары «дабыл түймелерімен» және бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етіліп жатыр», - деді Сәкен Сәрсенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, еліміздегі мектептерде 137 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған.

«Біз білім беру мекемелерінде орнатылған камераларды Ішкі істер министрлігінің Жедел басқару орталықтарына (ЖБО) тікелей қосамыз. Бүгінгі күні еліміз бойынша 2 026 мектепте орнатылған 36 657 бейнебақылау камерасын ЖБО тікелей бақылап отыр. Жалпы елімізде 7 372 мектеп бар (қалалық – 2159, ауылдық – 5213), онда 137 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Жыл соңына дейін барлық мектептегі бейнебақылау жүйесін ЖБО-ға тікелей қосып, қадалағалуына беру жоспарланып отыр. Осы жұмыстың қалай жүріп жатқанын бақылау мақсатында өткен аптада Ақтөбе қаласына арнайы бардым. Осы уақытқа дейін елімізде 5 аймақты тексеріп қайттым, қараша айының соңына дейін барлық өңірді аралап шығамын», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT