Қанша Қазақстан азаматы қару ұстау ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні ішкі істер органдарында 284 мыңнан астам азаматтық қару тіркелген. Ал ағымдағы жылы бұрын ұрланған немесе жоғалған атыс қаруын пайдаланып, қылмыс жасаудың 2 фактісі орын алды. Оның бірімен қарақышылық шабуыл жасалса, екіншісімен қасақана кісі өлтірілген. Бұл жайында ҚазАқпараттың ресми сауалына орай еліміздің Ішкі істер министрлігінен хабарлады.

Ведомство ақпаратына қарағанда, қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы құқық бұзушылықтар үшін ҚР ӘҚбК баптары бойынша жауапкершілікті белгілейтін айыппұл санкцияларын ұлғайту бөлігінде «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы ҚР Кодексіне және «Жекелеген қару түрлерінің айналымына бақылау жасау туралы» ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Сонымен қатар қару-жарақ дүкендеріне қойылатын талаптарды күшейту, қару айналымы саласында жұмыс істейтін барлық заңды тұлғаларды әр тоқсан сайын тексеру түрінде азаматтық және қызметтік қару айналымына мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін белгілеу бойынша бірқатар нормалар қарастырылған.

«Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа сәйкес азаматтық қару иелерін тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеру жылына кемінде бір рет жүргізіледі. Сонымен қатар ІІД-нің жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезеңінде де тексеру ұйымдастыру тұрақты түрде қолға алынады. Ағымдағы жылдың 10 айында жүргізілген іс-шаралар барысында қарудың сақталу жай-күйін бұзан 7575 факті және қаруды тіркеу және қайта тіркеуді бұзған 6124 факті анықталып, әкімшілік жауапкершілікке 13699 азаматтық қару иелері тартылды», - дейді министрліктен.

Соңғы жаңалықтар