Қанша ауыл заманауи байланыс технологиялармен қамтылмаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 600-ден астам ауыл заманауи телекоммуникациялық технологиялармен қамтылмаған. Бұл туралы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда 600-ден астам ауыл заманауи телекоммуникациялық технологиялармен қамтылмаған. Сондықтан спутниктік байланыс шешімдері осы ауылдардың аумағын қамтуға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда тұрғындар саны аз елді мекендерді айтып тұрмыз. Дегенмен, осы ауылдарға заманауи байланыс жүйесін тарту өте маңызды мәселелердің бірі», - деді Мәлік Олжабеков

Бұрын хабарланғандай, елордада үшінші рет Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы 28-29 қазан аралығында өтіп жатыр.

Биылғы форумның тақырыбы - Digital Era Lifestyle. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Цифрландыру, инновация және ғылым арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын ұсынды.

Форумның іскерлік бағдарламасы 20 панельдік сессиядан тұрады, онда 70 -тен астам спикер - халықаралық және қазақстандық IT -қауымдастықтардың өкілдері сөз сөйлейді. Елімізде үшінші рет өтіп жатқан Digital Bridge алаңында әдеттегідей Astana Hub Battle жарысында технологиялық стартаптар бақ сынасып, ең мықты ІТ-компаниялар Astana Hub Awards премиясы аясында марапатталады. Биыл пандемия талаптарына орай іс-шаралар гибрид форматта өтеді – бірқатар ресми шаралар оффлайн өтсе, форумның негізгі бөлігі онлайн нұсқада көрсетіліп, кез-келген адам қатыса алады.


Соңғы жаңалықтар