Канн фестивалінің жүлдегері Самал Еслямова: Мен жұмыс барысында жүлде туралы ойлаған жоқ едім

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильміне түсіп, 71-ші Канн фестивалінде үздік әйел рөлін жеңіп алған қазақстандық әртіс Самал Еслямова жұмыс барысында ешқандай да жүлде туралы ойламағандығын айтты, деп жазады ТАСС.

Бұл туралы ол журналистерге фестиваль лауреаттарын марапаттау рәсімінен соң айтқан.

«Картина түсіріліп жатқанда оның режиссердің ойлағанындай болуы немесе біздің көңілімізден шығуы маңызды, әрине. Бұл біздің басты мақсатымыз болатын, және осы мақсат бізді алдыға жетелеп отырды»,-деді Еслямова түсірілім жүріп жатқанда туынды Сізді марапатқа жеткізеді деген ой болды ма, деген сауалға жауап бере отырып.

«Біз осы картина жолында өте көп еңбектендік, біз үшін одан керемет фильм шығару, үлкен өнер туындысын жасау маңызды болды»,-деп қосты ол.

«Айка» атауы оның басты кейіпкерінің есімімен байланысты қойылған әлеуметтік драма. Туынды Қырғызстаннан Мәскеуге заңсыз келіп, тұрып жатқан мигрант қыздың өмірін суреттейді. Ондағы басты рөлді Самал Еслямова сомдайды.

Канн фестивалі мамырдың 8-19 аралығында өтті. Конкурстың негізгі бағдарламасы бойынша үздік фильм атағы үшін 21 фильм сарапқа салынды.

Фото: gettyimages.com

Соңғы жаңалықтар