+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Канн фестивалінде жүлде алған Самал Еслямова жайында не білеміз

2018 жылғы 20 мамыр 11:26
Бөлісіңіз:
Канн фестивалінде жүлде алған Самал Еслямова жайында не білеміз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық актриса Самал Еслямова 71-ші Канн фестивалінде үздік әйел рөлін жеңіп алды.

Осыған орай ҚазАқпарат тілшісі актриса жайындағы мәліметтерді іздестірді.


nullИнтернеттегі ашық мәліметтерге сәйкес, Самал 1984 жылдың 1 қыркүйегінде Петропавл қаласында дүниеге келген. Ресейдің театр өнері институтының актерлік факультетін бітірген ол бұған дейін Қазақстан, Германия, Ресей және Швейцария бірлесіп түсірген «Тюльпан» фильмінде басты рөлді сомдаған. Бұл туынды 2008 жылы Каннда «Ерекше көзқарас» конкурсының бас жүлдесін, жас әділқазылардың жүлдесін, Францияның білім министрлігінің жүлдесін жеңіп алған еді.


nullАл Канн фестивалінің үздік актрисасы атануына жол ашқан «Айка» фильмін Қазақстан тумасы ресейлік режиссер Сергей Дворцевой түсірген. Бұл да Қазақстан, Германия, Қытай, Польша және Ресей бірігіп түсірген туынды. «Айка» атауы оның басты кейіпкерінің есімімен байланысты қойылған әлеуметтік драма. Туынды Қырғызстаннан Мәскеуге заңсыз келіп, тұрып жатқан мигрант қыздың өмірін суреттейді.


nullФестиваль лауреаттарын марапаттау рәсімінен соң БАҚ өкілдерінің түсірілім жүріп жатқанда туынды Сізді марапатқа жеткізеді деген ой болды ма деген сауалына жауап берген Самал Еслямова: «Картина түсіріліп жатқанда оның режиссердің ойлағанындай болуы немесе біздің көңілімізден шығуы маңызды, әрине. Бұл біздің басты мақсатамыз болатын, және осы мақсат бізді алдыға жетелеп отырды»,- деп жауап берді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Өнер,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT