Канн фестивалі жеңімпазының әпкесі: Самал бұл сыйлыққа лайықты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертеңмен Самал Еслямованың туыстарына жан-жақтан құттықтаулар келіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еслямовтар отбасында телефонға тыным болмай жатыр. Актрисаның анасы Гүлмайра апай мен әкесі Ілияс ағай құттықтаулардан толқып, тіпті көзіне жас алды.
null

Актриса Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылында туған. Журналист болуды армандайтын оны тағдыр басқа арнамен алып кетті. Сол жылы өнер колледжінің «қазақ театрының актері» курсына студенттер қабылдана бастаған. Самал оған алғашқылардың қатарында түсті. Бірақ дипломын оның орнына әпкесі Аягөз алды. Өйткені жас дарын иесі ол кезде Сергей Дворцевойдың «Қызғалдақ» («Тюльпан») атты картинасына түсуге аттанып кеткен болатын.

null«Ол үнемі ширақ жүретін, әрі қатал, әрі мейірімді болды. Кастингте одан қандай рөлді сомдағың келеді деп сұрағандарға: «Ең басты рөлді!» деп жауап береді. Бірнеше күннен кейін оны Алматыға шақырып, рөлге бекітті. Кейін Самал Ресей театр өнері академиясына оқуға қабылданды. Көп ұзамай Сергей Дворцевой оны «Айка» фильмінде рөл сомдауға шақырды. Фильмнің түсірілімі ұзаққа созылды. Білемін, ол әбден шаршағанына қарамастан еңбек ете берді», - дейді Гүлмайра Еслямова.

nullСамалдың әпкесі Аягөз Сатина Самалмен WhatsApp арқылы хабарласты.

«Самал «Мен сенер-сенбесімді білмей тұрмын!» деп жазды. Осы ғана. Шаршаған, әрине, толқып тұр. Самал бұл жетістікке өз еңбегімен жетті. Мен үшін оның бақытты, дені сау болғаны маңызды. Біз оны тағатсыздана күтіп отырмыз», - дейді актрисаның әпкесі.

null2004 жылдан бері Самал Мәскеуде тұрып жатыр, бірақ ата-анасына жиі келіп тұрады. Енді аты әлемге әйгілі актрисаны оның әкесі мен шешесі жаз айында келеді деп күтіп отыр.

Айта кетейік, қазақстандық актриса Самал Еслямова 71-ші Канн фестивалінде Сергей Дворецкийдің «Айка» фильмінде ең үздік әйел рөлін жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар