Қанішер-таксист 20 жылға түрмеге қамалды - Алматы облысы

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматы облысынан шыққан қанішер-таксист 20 жылға түрмеге қамалды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы 29 жастағы адам таксисті адам өлтіргені үшін айыпты деп тапты. Тергеу барысында қылмыскердің көлігіне отырған қыздарды зорлап, кейін өлтіріп кетіп отырғаны белгілі болды», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2013 жылдың 13 шілдесінде қылмыскер жол тоқтатқан қызды елсіз жерге алып барып, зорлап, кейін ол қызды «өлтірдім» деген оймен арыққа лақтырып кеткен. Алайда, бойжеткен аман қалды. Бір ай өткен соң ол осы схема бойынша тағы қылмыс жасайды. Бұл жолы қыз оның құрбанына айналды. Алматы облысының тұрғыны өмірінің ендігі 20 жылын ерекше режімдегі түзеу колониясында өткізеді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар