Кәнігі ұры ұсталды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қалта ұрлығын кәсіп еткен 34 жастағы кәнігі ұры ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің дерегі бойынша Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне 1981 жылғы келіншек арызданған. Зардап шегушінің сөзінше, сән салондарының бірінде бейтаныс ер адам оның сөмкесін жымқырып кеткен. Ал сөмкенің ішінде 25 000 теңге ақша мен асыл таспен көмкерілген алтын сырғасы болған. Келтірілген шығын көлемі 75000 теңгені құрады.

«Жедел іздестіру шарасы кезінде 34 жастағы бұрын сотты болған жергілікті тұрғын қолға түсті. Оның осыған дейін сән салондары, сауда үйі, сауда орталықтары және қалаішілік маршрутты автобустарда ұрлық жасағаны анықталды. Кәнігі ұры тұрғындардан барлығы 300 мың теңгенің затын ұрлап, материалдық залал келтірген», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде, күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, үстінен ҚР ҚК 188 бабының 2 бөлімі бойынша (ұрлық) сот алды тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар